Өзбекстан мен Ауғанстан темір жол тасымалы туралы жаңа келісімге келді

ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбекстан мен Ауғанстан Хайратон-Мазари Шариф темір жолын пайдалану туралы жаңа келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап.

«Согдиана Транс» компаниясы мен «Ауғанстан темір жолы» әкімшілігі арасында Хайратон-Мазари Шариф темір жолын пайдалану туралы жаңа келісімге қол қойылды. «Өзбекстан темiр жолы» АҚ мәліметінше, келiсiмге сәйкес «Согдиана транс» осы аумақтағы жұмысын 2 жыл бойы жалғастыратын болады. Сонымен қатар, тараптар Мазари Шариф станциясына жүктерді жеткізуді жеделдету жөнінде бірлесе келісті және «Ауғанстан теміржолы» департаментінің жергілікті мамандарын дайындауға баса назар аударған», - делінген агенттік хабарламасында.

10-11 ақпан күндері Ауғанстанға 714 жүк вагоны жеткізілген. Жүктерді жеткізу процесі жалғасуда.