Сапар барысында Шавкат Мирзиёев Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңестің президенті Антонио Коштамен келіссөз жүргізбек.
Кездесуде тараптар биыл сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия - Еуроодақ» саммитінде келісілген жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылайды. Сондай-ақ, экономика, инвестиция, инновация, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін сөз етеді.
Ресми сапар аясында Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланған.
Еске салайық, 4 сәуірде Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Орталық Азия - Еуропа Одағы» форматындағы алғашқы саммит өткен еді. Оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар бастама көтерді.