И. Каримов Қазақстанның сыртқы саясат ведомство басшысымен кездесу барысында атап өткендей, қазақстандық тараптың бастамасымен көтерілген стратегиялық әріптестік туралы шарт аса өзекті, бұл құжатқа ағымдағы жылдың маусым айындағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға сапары барысында қол қою жоспарлануда.
Бұдан басқа Өзбекстан басшысы қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Орталық Азия өңіріндегі интеграция мәселесін қозғады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастың бірқатар қырлары талқыланды.
ҚР СІМ басшысы күннің екінші жартысында Ташкентте тарихи нысандарды аралап, ӨР-ғы ҚР елшілігінің салынып жатқан ғимараттарына барады.