«Сіз өткен мейрамдарыңызбен құттықтаймын. Күні кеше Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілді және ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылымен халықты біріктіруге бағытталған жұмыстардың жүргізіліп жатқанының жарқын көрінісіне айналды. Жалпы, Президент Жолдауы да, бес әлеуметтік реформасы да іс жүзінде тарихи бастама», - деді Өзбекстан Елшісі.
Ол Қазақстанның одан ары дамып, халқының бірлігінің бекем бола түсуі бүкіл Орталық Азияның дамуына тікелей әсер ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар өткен жылы ҚР Президентінің бастамасымен 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланғанын еске салды. Ал 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылының өтетіндігін баса айтты.
«Өзбекстан мен Қазақстанның Орталыз Азия экономикасының локомотиві екендігін ешкімге де құпия емес. Біздің екіжақты байланыстарды, Орталық Азияның экономикалық әлеуметін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстарымыз өзіміздің эк экономикамызды бірнеше жыл алға шығарады. Осылайша, бүкіл әлемге бірлесіп қалай жұмыс істеу қажеттігін паш етеміз», - деді Саидикрам Ниязходжаев.
16:33, 02 Мамыр 2018
Өзбекстан мен Қазақстан ОА экономикасының локомотиві - Елші Ниязходжаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азия экономикасының локомотиві. Мұндай пікірді бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.