Өзбекстан мен Қырғызстан президенті Түркістанға барды

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды.

Фото: Ақорда

Қос елдің басшысы Түркістанда өтетін ТМҰ бейресми саммитіне қатысады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтетінін жазған едік.