ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ташкент облысында орналасқан «Амирсой» тау-шаңғы курортында бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
— Президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін өзара іс-қимылдар барысын талқылап, халықаралық саяси жағдайларға қатысты пікір алмасты, — делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қос ел басшылары Өзбекстан мен Қырғызстанның табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, курорттық орталықтар құру бағытында бірлескен жобаларды ілгерілетуге уағдаласты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан мен Қырғызстан тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуге ниетті.
Сонымен қатар, былтыр Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында 2 өткізу бекеті ашылды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.