Өзбекстан мен Қытай шағын ядролық реакторларды қолдану мүмкіндігін зерделемек
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның Атом энергетикасы агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев пен қытайлық CNOS компаниясының (CNNC-ке еншілес компания) бас директоры Вэй Фуки Шанхайда кездесіп, екі елдің атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын талқылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Uzatom агенттігі
«Кездесуде CNNC-пен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, Қытайдың АЭС салудағы озық тәжірибесін игеру және Өзбекстанда қытайлық шағын модульдік реакторларды қолдану мүмкіндігін зерделеу келісілді», — деп атап өтті Uzatom агенттігінен.
Фото: Uzatom агенттігі
Еске сала кетейік, Өзбекстанда ресейлік технология бойынша өңірдегі алғашқы аз қуатты атом электр станциясы салынады.
Таяуда Өзбекстан мен Ресей АЭС салу келісімшартының күшіне ену хаттамасына қол қойды.
Қоса кетсек, бұған дейін Kazinform редакциясы Өзбекстанда қандай энергоблоктар салынатынын жазып еді.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.