Екі елдің ғалымдары жаңа екінші кезеңдегі протеиндік вакцина коронавирустан тиімді және ұзақ қорғанысты қамтамасыз етеді деп болжам жасауда.
«Біз Өзбекстан- Қытай арасындағы екінші кезең вакциналары бойынша ынтымақтастық сәтті аяқталуда. Бүгін аталған вакцинаның ғылыми-зерттеу және клиникалық сынақтарын жасаудамыз», - деді Өзбекстанның Инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмонов.
Қытай Ғылым академиясының академигі Гао Фу Қытай мен Өзбекстан бұған дейін ZF-UZ-VAC-2001 коронавирусқа қарсы бірінші кезең екпесін сәтті шығарғанын атап өтті. Нәтижесінде, бұл вакцинаның 300 млн-нан астам дозасын бүкіл әлем қолданып, ол жаһандық індетпен күреске үлкен үлесін қосты.