23 амыз күні Ташкентке екі күндік мемлекеттік сапармен Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бак келді. Сапардың бірінші күнінде ол тар және кеңейтілген құрамда Өбекстан Президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздер өткізді.
Келіссөздер аяқталған соң жеті екіжақты құжатқа қол қойылды.
Өзбекстан басшысы брифинг барысында атап өткендей, Корея Республикасы басшысының сапары барысында құны 2 млрд. 600 млн. АҚШ доллары болатын Сүргіл кен орнының базасында Үстірт газ-химия кешенін құру жөніндегі Өзбекстан-Корея жобасын іске қосу көзделуде.
Сәрсенбі, 24 тамыз күні Өзбекстан және Корея іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді.
Корея Республикасының Президенті Өзбекстанға жасаған сапарынан кейін 24-25 тамыз күндері Қазақстанға ресми сапармен барады.