Технологиялық участоктан тікелей желі арқылы интерактивті режимде өткен салтанатты шараға Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов пен Корея Президенті Ли Мен Бак қатысты.
Бұрын хабалағанымыздай, 23 тамыз күні Өзбекстан және Оңтүстік Корея басшылары арасында өткен келіссөздердің қорытындысында «GS Engineering & Constraction», «Samsung Engineering», «Hyundai Engineering» және «KOGAS» сияқты Кореяның төрт компаниясымен жалпы құны 2,6 млрд. АҚШ долларына төрт келісімшарт жасалған.
Корея Республикасының Президенті Өзбекстанға жасаған сапарынан кейін 24-25 тамыз күндері Қазақстанға ресми сапармен барады.