ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Өзбекстан мен Ресейдің ғалымдары бірлесіп, бейнебақылау камералары арқылы көшедегі зорлық-зомбылықты анықтай алатын нейрондық желі құрастырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
TAСС агенттігінің мәліметінше, жасанды интеллект түрлі логикаларды қолдана отырып, көшедегі зорлық-зомбылық фактілерінің 98 пайыздан астамын анықтауға қабілетті.
Қос елдің ғалымдары құрастырған нейрондық желіні алдағы уақытта «Ақылды қала» жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов нейрондық желілер арқылы төтенше жағдайларды болжау жүйесі енгізілетінін мәлімдеген еді.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.