ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Душанбеде Өзбекстан мен Тәжікстанның премьер-министрлері Абдулла Арипов пен Кохир Расулзаданың төрағалығымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстан үкіметінің мәліметінше, делегация басшылары өнеркәсіптік кооперация, энергетика, ауыл және су шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы бірлескен жобалар қолға алуға мүдделі екенін мәлімдеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде алдағы жылдары өзара тауар айналымын 1 млрд долларға дейін арттыру жоспарланған.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған елдер арасындағы сауда-саттық 757 млн долларға жеткен.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.