Өзбекстан Орталық Азиядағы интеграцияны ілгерілету үшін БҰҰ қарарын қабылдауды ұсынды

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан Орталық Азиядағы өңірлік серіктестік пен экономикалық интеграцияны тереңдетуге бағытталған БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Аталған бастаманы БҰҰ мінберінен сөз сөйлеген көршілес елдің президенті Шавкат Мирзиёев көтерді.

– 8 жыл бұрын біз алдымызға Орталық Азияны бейбітшілік, тату көршілік және серіктестік кеңістігіне айналдыру мақсатын қойдық. Тиісінше, өңір елдері осы стратегиялық межеге қол жеткізді. Яғни, жабық шекаралар мен шешімін таппаған дауылы мәселелер дәуірі аяқталды, - деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан басшысы атап өткендей, кейінгі жылдары өңірдегі өзара сауда, инвестиция және көлік тасымалы көлемі 5 есе артты. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылып, бірлескен инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр.

Сондай-ақ Шавкат Мирзиёев өңірлік интеграцияны ілгерілету жолында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің маңызды рөл атқарғанына тоқталды.

– Бүгінде Жаңа Орталық Азияның қалыптасу үрдісі басталды. Өңірдегі бірлік, тұрақтылық және аймақтық бірегейлік Орталық Азияның халықаралық аренадағы саяси салмағын арттырды, - деп мәлім етті Өзбекстан президенті БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біз барлық шетелдік әріптесімізбен өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге басымдық беруге ниеттіміз.

Еске салайық, 23 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлеп, ұйымға реформа жасау бастамасын көтерген болатын.