Өзбекстан орталық банкінің басшысы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 23 мамыр күні Өзбекстан орталық банкінің басшысы Файзулла Муллажанов ұзақ уақыт бойғы ауруы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды gazeta.uz.

Файзулла Муллажанов Орталық банк құрылғалы - 1991 жылдан бері басқарып келген. ОБ сайтының дерегі бойынша, ол Ташкент халық шаруашылық институтын бітіргеннен кейін, 1971 жылдан бері банк саласында жұмыс істеген.