Өзбекстан ОСК ел парламентіне сайлау барысында заң бұзушылық болмағанын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан парламентіне үміткерлерді сайлауға жергілікті уақытпен сағат 13:00-дегі жағдай бойынша келушілер саны 51 пайызды құрады, қазірге дейін заң бұзушылық жайында хабарлама түскен жоқ, деп мәлімдеді Ташкентте өткен брифингте республиканың ОСК төрағасы Мирза-Улукбек Абдусаломов.

Абдусаломов 9035 сайлау учаскесі болса, оның ішінде 44-і шетелдік өкілдіктермен қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлады. «Әзірге заң бұзушылық жайында хабарлама түскен жоқ», - деді ол.

ОСК төрағасы Өзбекстанда парламенттік сайлауға келушілер сағат 10:00-дің өзінде 34 пайызға жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, «Олий Мажлиске сайлау туралы» Заңның 44-бабына сәйкес Парламенттің Заңнамалық палатасына депутаттарды сайлау егер оған сайлаушылардың 33 пайызы қатысса, өтті деп саналады.