2 қыркүйек күні 78 жасында Өзбекстанның Президенті Ислам Каримов өмірден өтті. Осы оқиғадан кейін елді уақытша басқару міндеті республиканың премьер-министрі Шавкат Мирзиеевке жүктелді. Өзбекстан ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлім еткендей, елде президент сайлауы 4 желтоқсан күні өткізіледі, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейінгі 2015 жылы 29 наурызда өткен Өзбекстан президенті сайлауына ОБСЕ байқаушыларды шектеулі ғана көлемде жіберген еді: 43 елден 300-дей ғана байқаушы сайлау барысын бақылаған болатын.