Өзбекстан Парламент сайлауына дайындалып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзекстанда 21 желтоқсан күні өтетін мәжіліс депутаттыры сайлауында 4 саяси партия бақ сынайды, деп хабарлады Түркияның trt.net.tr сайты.

Сайлау найқаны 15 қыркүйекте басталған. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, сайлауға қатысуға Өзбекстанның «Либералды-демократиялық» партиясы, Өзбекстан «Халық демократиялық» партиясы мен «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы және «Әділет әлеуметтік демократиялық партиясы сайлауға қатысуға рұқсат алды. Өзбекстанда сайлауға қатысатын саяси партиялар сайлаушылардың 40 мың қолын жинауы керек. Саяси партиялар 17 қазан мен 6 қараша аралығында үміткерлер есімін жария ете бастайды.

Өзбекстанның заңына қарай, 150 орынды парламенттің 135 депутаты партиялардан, қалған 15 депутат Өзбекстан экология қозғалысынан сайланады.