Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім еткендей, бүгін Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен бірінші жартыжылдықтағы экономикалық даму көрсеткіштері жайлы кеңес өтті.
Оның барысында президент елдің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне үлес қосып жатқан сала мамандарына, облыс пен аудандарға және кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Сонымен бірге, Шавкат Мирзиёев премьер-министр Абдулла Ариповтың Қараөзек, Тахиаташ, Үшқұдық, Ташкент, Фуркат, Гурлен, Мирзаабад, Жаңаарық, Мыңбұлақ аудандары мен Газган қаласының хокимдерін жұмыстан босату туралы ұсынысын мақұлдады. Олар басшылық етудегі жүйелі кемшіліктері үшін қызметінен айырылды.
Бұған қоса, аудандар мен қалалардың тағы 28 хокимі тәртіптік жазаға тартылды.