Өзбекстан президенті Қытайға мемлекеттік сапармен барады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 23-25 қаңтар аралығында осы елге мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Фото: president.uz

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, сапардың бағдарламасына сәйкес, жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған. Оның барысында өзбек-қытай қатынастарын одан әрі нығайту және жан-жақты стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланбақ. 

Сонымен қатар Өзбекстан президенті Қытай өңірлерінің біріне барып, жетекші компаниялар мен банк-қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.