Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға келе жатыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 8 қыркүйекте жұмыс сапарымен Астана қаласына аттанды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шавкат Мирзиёев елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Еске салайық, Өзбекстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 120-дан астам спортшы қатысады.

Осыған дейін Садыр Жапаров 8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келетінін хабарладық. Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлімдеді.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі