Өзбекстан президенті әлемді өзгертуші жаңа тұлғалардың ондығына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өз елінде айтарлықтай өзгерістер енгізуге ықпал еткен он көшбасшының қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

«Derin Ekonomi» түрік экономикалық басылымы Өзбекстанда соңғы уақытта болып жатқан экономикалық-саяси өзгерістерге баға бере келе, Шавкат Мирзиеевті өз елінің жағдайын өзгертуге ықпал етуші 10 тұлға тізіміне кіргізді.

Түрік басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның қазіргі президенті тұсында  еркін нарықты дамыту, сыртқы сауда-саттықты либерализациялау, валюта саясаты, шетелдік инвесторлар үшін елде жағдайлар жасау көтеру бағыттарында жұмыстар түбегейлі өзгерген.

Айта кетейік, бұл рейтинг әлемдік қауымдастықта жаңа есімдер болып саналатын көшбасшылардан құралған. Атап айтқанда, аталған тізімге БАӘ сыртқы істер министрі шейх Абдулла бен Зайд аль-Нахайян,  АҚШ-тың Федеральдық тергеу бюросының жетекшісі Роберт Мюллер, Сауд Аравиясының тақ мұрагері Аравии Мухаммед бин Салман және т.б. кірген.