Өзбекстан Президенті Брюссельге сапар жасайды

None
ТАШКЕНТ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Еуропалық Комиссия Президенті Жозе Мануэль Баррозуның шақыруымен 24 қаңтарда Брюссельге сапар жасайды. Бұл туралы «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Сапар барысында Өзбекстанның Еуроодақпен және НАТО-мен арадағы қарым-қатынастарының ағымдағы жағдайы мен келешегі, сондай-ақ тараптардың өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мәселелері талқыланбақ.

Сапар қорытындысы бойынша сондай-ақ, Өзбекстанның Еуропалық одақпен арадағы түрлі салалардағы өзара іс-қимылдарын тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда.