08:46, 16 Ақпан 2009
Өзбекстан Президенті елдің 2008 жылғы даму қорытындысын шығарды
ТАШКЕНТ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - 2008 жылы Өзбекстанда жалпы ішкі өнім 9 пайызды құрады. Бұл туралы ел Президенті Ислам Кәрімов өткен аптаның соңында елдің 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған Министрлер кабинетінің мәжілісінде мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ислам Кәрімов өз баяндамасында, елде 2008 жылы өнеркәсіптік өнімнің өндіріс көлемі - 12,7 пайызға, ауыл шаруашылығында ? 4,5 пайызға, құрылыс жұмыстарында ? 8,3 пайызға, ауыл шаруашылығында ? 21,3 пайызға өскенін атап көрсетті. Ал мемлекеттік бюджет профицитпен орындалып, инфляция деңгейі болжанған көрсеткіштен аспаған.