Өзбекстан Президенті халықты Наурызбен құттықтады
Шаралар дәстүр бойынша Өзбекстанның Әлішер Науаи атындағы Ұлттық саябағында өтті.
Көктем мерекесімен құттықтай отырып, И.Кәрімов: «Наурыз өзбек халқының өмірлік көзқарастарымен толық үндеседі - бұл күндері ұрыс-керістер ұмытылып, біз түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы бейбіт әрі тыныш өмірді, достық пен ауызбірлікті, өзаратүсіністік пен келісімді бағасы жоқ байлық ретінде одан сайын бағалап, дәріптей бастаймыз», - деп атап өтті.
«Бұл жарқын сәттерде біздің құрметті ардагерлерімізге, аналарымыз бен әпкелерімізге, халықтың және еліміздің тірегі мен үміті болып табылатын жалынды, мақсатқа ұмтылған жастарымызға шын құрметім мен жүректен шыққан махаббатымды білдіремін. Барлықтарыңызды іштей құшақтай отырып, бүгінгі тамаша көктемгі мерекемен тағы бір рет құттықтаймын, сіздерге ең жақсы тілектерімді білдіремін. Амандық пен гүлдену жылында Наурыз әрбір отбасына бақыт пен денсаулық, береке мен молшылық, туған Өзбекстанға ілгерілік әкелсін», - деп атап өтті ӨР Президенті.