«Біздер Өзбекстанда халықтарымызды бірнеше ғасырлар бойы байланыстырып тұрған тарихи дәстүрлі достыққа негізделген тату көршілік қарым-қатынасты, ортақ тамырластықты, құндылықтарды, мүдделестікті аса жоғары бағалаймыз», - деді ол.
Оның пайымынша, екі халықтың осы тамырластықты терең түсінуі Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты ынтымақтастығына мығым негіз қалайды.
Сондай-ақ, Ислам Каримов мемлекет арасында туындайтын мәселелерді дер уақытында шешу үшін жиі кездесіп тұруды ұсына келе: «Егерде толықтай алғанда Орталық Азия өңірі мен оның төңірегіндегі ахуалдың шұғыл өзгеріп отыратындығын ескерсек, бұл кездесу екі есе талап етіледі, әрі өзекті»,-деді.