Сауалнама барысында қазақстандықтар Өзбекстанның өздері білетін қалалары, мәдениеті, тағам түрлері, киносы, танымал тұлғаларын атап берген.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен 2018 жылдың 15 наурызында Астанаға жұмыс сапарымен келеді.
Сапар барысында өзбек делегациясы кең ауқымды күн тәртібін қамтитын Орталық Азияның елдері мемлекет басшыларының бірінші жұмыс (консультативтік) кездесуіне қатысады.
Бұдан бөлек, Өзбекстан басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ Өзбекстан Президенті мен Қазақстан Президентінің екіжақты кездесуі жоспарланған.