Сапар барысында өзбек-қытай ынтымақтастығын әрі қарай кеңейту және дамыту мәселелері, өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мазмұндағы өзекті проблемалар талқыланбақ.
Келіссөз қорытындысы бойынша екі мемлекеттің түрлі саладағы өзара іс-қимылдарын әрі қарай нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.