Бұл туралы ӨР басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Күн тәртібінде жоғарғы деңгейдегі кездесулер - өзбек-түркімен көпжоспарлы ықпалдастығын дамыту және өңірлік, халықаралық өзекті мәселелер бойынша келіссөздер мен пікір алмасулар өткізу.
Келіссөздердің нәтижесі бойынша мемлекеттер басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданады, сондай-ақ саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестікті одан әрі кеңейтуді қарастыратын бірқатар құжаттарға қол қойылатын болады.