Өзбекстан Президенті саяси партияларға ел Премьер-Министрлігіне үміткерлердің кандидатурасын ұсынуды тапсырды

ТАШКЕНТ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті саяси партияларға ел Премьер-Министрлігіне үміткерлердің кандидатурасын ұсынуды тапсырды. Бұл туралы республика басшысы Өзбекстан Республикасының Заң шығару палатасы мен Олий Мажлис Сенатының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Осыған дейін хабарланғандай, Олий Мажлистің Заң шығару палатасында Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қатысуымен екі палатаның бірлескен отырысы өз жұмысын бастады.