Өзбекстан президенті Ташкент хоқимын тағайындады

ТАШКЕНТ. 16 наурыз. ҚазАқпарат - ӨР-ның Президенті Ислам Кәрімов ел астанасының хоқимын тағайындады, деп хабарлайды «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігінен.

Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Өзбекстан Республикасы Конституциясы 93 бабының 15-ші тармағына және 102 бабына сәйкес, сондай-ақ халық депутаттарының Ташкент қалалық Кенгашы шешімі бойынша Ташкент қаласының хоқимы қызметіне Рахманбек Османов тағайындалды.

Өзбек БАҚ-тарының хабарлауынша, Р.Османов бұл тағайындауға дейін Өзбекстан астанасы хоқимы міндеттерін атқарушы қызметін атқарған.