Өзбекстан Президентінің Қазақстанға сапары 6-7 қыркүйек күндеріне жоспарланған - ҚР-ның Өзбекстандағы Елшісі

ТАШКЕНТ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Қазақстанға 6-7 қыркүйек күндері ресми сапармен келмекші, деп хабарлады ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин.

Бұрын хабарланғандай, Ташкентте «Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тиімді ынтымақтастығы: өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.

Б.Жексембин Қазақстан мен Өзбекстанның өзара әрекеттестігінің тереңдетілуі мен дамуына екі мемлекет көшбасшыларының тұрақты кездесулері септігін тигізіп отырғанын атап өтті. 2010 жылы ғана Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына екі рет сапар жасады, соның ішінде ресми сапар да бар. Оның нәтижелері табысты және екіжақты байланыстарды одан да жоғары деңгейге шығаратын  болып бағаланды.

«Аталған контекстінің логикалық жалғасы - Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовтың Қазақстан Республикасына жауапты ресми сапары. Ол биылғы жылдың 6-7 қыркүйек күндеріне жоспарланған», - деді Елші.

«Екі мемлекет басшысының алдағы кездесуі екіжақты байланыстардың қол жеткізілген деңгейін нығайтып, толықформатты ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен бастама болатынына және көкейкесті аймақтық мәселелер бойынша шешімдер табуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп қосып өтті Б.Жексембин.