Өзбекстан президентінің қызы әншілігін жалғастырмайтын болды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімова әншілікпен кәсіби түрде айналыспайтынын айтты.

«Әншілікпен кәсіби түрде айналысамын деп ойламаймын. Әркім өз ісімен айналысуы керек», - деді Кәрімова. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап, Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Биыл Googoosha леген лақап аты бар Гүлнәр Кәрімованың әнжинағы шыққан болатын. Әнжинаққа ағылшын тіліндегі 12 ән кірген. 

Әнжинақты дайындауға танымал ресейлік продюсер әрі композитор Максим Фадеев атсалысты. 

Айта кетейік, Өзбекстан президентінің үлкен қызы әншілікті 10 жыл бұрын бастаған еді. Сол кезде Гүлнәр сөзін өзі жазған әндерін орындаған болатын. Одан кейін ол Хулио Иглесиас және Монтсеррат Кабальемен де бірге ән шырқады.

«Кәсіби әнші мұның барлығын менен әлдеқайда жақсы жасайды. Біреудің нанын тартып жегім келмейді. Тек кейде көрермендеріме көңілімнен шыққан дүниелерімді ұсынып отырамын. Ол кейде картина, кейде өлең немесе ән болып жатады», - деді Кәрімова.