Өзбекстан президентіминистрлікке елдің қорғаныс әлеуетін нығайтуды тапсырды

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен елдің қорғаныс әлеуетін нығайту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.  

Өзбекстан басшының баспасөз қызметінен мәлім өткендей, әлемдегі қақтығыстар мен күшейген геосаяси бәсекелестік жаңа қатерлердің туындауына алып келуі ықтимал. Кейбір өңірдегі әскери іс-қимылдардың соңы ірі гуманитарлық және экономикалық шығынға ұласады. Сондықтан елдің қорғаныс қауқарын нығайту маңызды.

Тиісінше, кеңесте Қорғаныс министрі Шухрат Халмухамедов әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, оларды заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

— Дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесі негізінде саланың басқару және дайындық жүйесіне заманауи тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, әскердің тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды кеңінен қолдану қажеттілігі айтылды, — делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Кеңес қорытындысы бойынша Шавкат Мирзиёев жауапты ведомсво басшысына Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және елдің қорғаныс әлеуетін күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Еске салсақ, 28 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік жөнінде тапсырма берді.