Өзбекстан президентіне жайылған дастарханда қандай тағам болды

Фото: Мухтар Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бастаған делегацияға Ақордада ұсынылған ас мәзірі белгілі болды.

Кез келген адамды «осы Президенттер қандай тамақ жейді екен?» деген сұрақ алаңдататын рас. Осы ретте, соңғы уақытта Қазақстанға келген құрметті қонақтарға жайылған дастарханға қандай ас қойылатыны жиі жарияланып жүр.

Фото: Ақорда

 

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бастаған делегацияға ұсынылған ас мәзіріне әдеттегідей дәмді тағамдар енген.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірі жарияланған болатын.