Өзбекстан президентінің кіші қызы жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Шахноза Мирзиёева Өзбекстан Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды. 

Фото: Instagram/shahnoza_mirziyoyeva

Өзбекстан Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы жиналысының тиісті шешімімен Шахноза Шавкатовна Мирзиёева Өзбекстан Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне сайланды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін Шахноза Мирзиёева Өзбекстан президенті жанындағы ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада өзбекстандықтар бокстан бес алтын медаль жеңіп алды.