Бұған дейін хабарланғандай, ол Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетінін мәлімдеген болатын.
«30 қыркүйектен бастап 20 қазан аралығында сайлау туралы заңнамаға сәйкес үміткерлерді тіркеу рәсімі жүргізіледі», - деп хабарлады Әбдусаломов.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында президент сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар бағдарламасы бекітілді. Отырыс барысында осыған қатысты барлық шараларды сайлау комиссиялары құрайтын Өзбекстан ОСК ашық әрі жариялылы түрде өткізетіні мәлім етілді.
07:56, 10 Қыркүйек 2016
Өзбекстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 30 қыркүйекте өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 30 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады, деп мәлімдеді Өзбекстан ОСК төрағасы Улугбек Әбдусаломов. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.