«Таяу тәуліктерде Сырдарияда су күрт көбейеді және өзеннің Чиназ бекеті маңында су көлемі секундына 1500-1600 текше метрге жетеді, ал Шыршықтың төменгі ағысында 500-550 текше метр болады. Осыған байланысты өзен салаларындағы аумақ пен учаскелерді су басуы мүмкін»,-делінген Узгидромет (Ташкент) хабарламасында.
21:41, 19 Сәуір 2017
Өзбекстан Сырдарияда су көбейетіндігін ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Сырдария өзені жағасы мен оның салалары аумағын су басу қаупі бар екендігін ескертті, деп хабарлайды Қазгидромет Узгидромет ақпаратына сілтеме жасап.