Дегенмен, қарапайым халық та емес, мемлекеттік шенеуніктер де індетке дер кезінде қарсы тұруға тырысуда.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, Өзбекстанда АН1N1 вирусының, басқа да қауіпті аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі шаралар қабылдануда.
Журналистерге Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінен, сондай-ақ облыстық және қалалық санэпидемиологиялық қадағалау қызметтерінен хабарлағанындай, барлық жерлерде медициналық қызметкерлердің қырағылығын арттыру, ветеринарлық-санитарлық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар атқарылуда. Оған қоса, халықтың арасында түсіндіру шаралары жүргізілуде.
Шекарада да бақылау шаралары күшейтілді. Шекарадан өткен әрбір адам тексеру-өткізу бекетінде медициналық тексеруден өтеді, ал көлік құралдары залалсыздандырылады. Елге әкелінетін азық-түлік өнімдерінің сапасы, олардың сапасын кепілдендіруші құжаттар тексерілуде.
Қазақстанда АН1N1 тұмауын жұқтыру оқиғаларының орын алуына, ал Өзбекстанмен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегі ошағының тіркелуіне байланысты, Қазақстанмен арадағы шекарадағы бақылауға айрықша назар аударылып отыр.