Өзбекстан тарихында алғаш рет президент парламентке Жолдау арнады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Ш. Мирзиеев ел парламенті Олий Мажлиске Жолдау арнады, деп хабарлайды uza.uz .

Өзбекстан парламенті Сенатының мүшелері және Заң шығару палатасының депутаттарымен қатар шараға видеоконференциялық байланыс жүйесі арқылы облыстар, аудандар және қалалардың жергілікті кеңестеріне сайланған халық депутаттары, сондай-ақ барлық атқарушы билік және шаруашылық басқару органдарының басшылары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жолдауда 2017 жылы атқарылған негізгі жұмыстар қорытындыланып, Өзбекстан Республикасын 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамытудың басты бағыттары аталды.