Ведомствоның мәліметінше, Сауд Арабиясынан – 8 114, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 1 192, Ираннан – 23, Бахрейннен – 25 және Оманнан 7 Өзбекстан азаматы елге оралды.
– Қазіргі уақытта эвакуация негізінен әуе кеңістігі азаматтық авиация үшін ашық тұрған елдер арқылы жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті министрліктен.
Өзбек тарапы аймақтағы өзге мемлекеттердің әуе кеңістігі ашылған уақытта эвакуациялық іс-шараларды жалғастырады.
Еске салайық, 3 наурызда Ирандағы 13 өзбекстандық Түрікменстан арқылы Отанына оралды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан Таяу Шығыстағы шиеленістің ірі қақтығысқа ұласуына алаңдаулы.
Кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты жауапты министрлікке елдің қорғаныс әлеуетін нығайтуды тапсырды.
28 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік жөнінде тапсырма берді.
Сондай-ақ 4 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды.