АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Сурхандария облысының Тәжікстанмен шекаралас орналасқан солтүстік аудандарында экологиялық ахуалдың нашарлауын негізге ала отырып, Ташкент БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның атына хат жіберді. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Атап айтқанда, Ташкен тарапының пайымынша, тәжікстандық ТАЛКО алюминий компаниясының шығарындылары Өзбекстанның экологиялық қауіпсіздігі үшін қатер тудыруда.
Ал Тәжікстан жағы бұл шағым негізсіз екенін алға тартуда. ТАЛКО басшылығы компания экологиялық тексерулерді тұрақты түрде жүргізетінін және тәуелсіз сарапшылардың мәліметтері Өзбекстанның ақпаратымен сәйкес келмейтіндігін айтуда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.