Өзбекстан телеарналары хабар тарату кестесін қайта қарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қыркүйекте Өзбекстан мемлекеттік телеарналары хабар тарату кестесін қайта қарады, деп хабарлады gazeta.uz.

9.00-де Өзбекстан телеарнасының «Ахборот» ақпараттық бағдарламасы  арнайы шығарылымда өзбек және орыс тілдерінде мемлекет басшысының жағдайы туралы үкіметтің хабарламасын таратты. Сосын бұл басқа арналардан көрсетілді.

Арналардан жарнама, телесериалдар, кейбір көркем фильмдер, ойын-сауық бағдарламалары алынып тасталды. Оның орнына Өзбекстанның тарихы, мәдениеті,   түрлі салалар мен тәуелсіздік жылдардағы қайта құру кезеңдеріндегі елдің жетістіктері  көрсетілуде.