АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін Өзбекстан жалпы құны 2,7 миллион доллар болатын 2178 тонна анар экспорттады. Бұл туралы дүйсенбі күні UzDaily.uz ақпараттық порталы хабарлады, деп Синьхауа агенттігі жазды.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, тоғыз айда Ресейге 1714 тонна анар жөнелтілген.
Өзбекстан Қазақстанға 159 тонна анар экспортса, Қырғызстанға 129 тонна анар жіберген.
Сондай-ақ Өзбекстан Украинаға 88 тонна, Польшаға 36 тонна және басқа елдерге тағы 52 тонна анар жеткізген.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан Ақтау теңіз портында бірлескен жобаларды іске асырмақ.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)