Құжатқа сәйкес, Түркіменстанда тіркелген жүк көліктерінен мына көлемде төлем алынады:
- 10 тоннаға дейін - $130 (бұрын $50);
- 10-нан 20 тоннаға дейін - $180 ($100);
- 20 тоннадан жоғары - $250 ($150).
Бұл ретте Әзербайжан және Еуроодақ елдерінен келетін жүк көліктері үшін алым мөлшері олардың Өзбекстанда болу уақытына байланысты есептеледі. Атап айтқанда, 14 күннен аспайтын уақытта елден шығып кеткен көліктер - $80, бұл мерзімнен ұзақ Өзбекстанда жүргендер $280 төлеуі тиіс.
Басқа елдерден келетін және транзитпен өтетін жүк көліктері үшін төлемдер өзгеріссіз қалды:
- Ауғанстан - $50;
- Тәжікстан - $100-200;
- Қазақстан мен Қырғызстан - $300;
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа теміржол желісі салынып жатыр.
Еске салайық, таяуда президент Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өту тәртібі енгізілуі мүмкін екенін мәлім етті.