ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. Фильмнің премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында жоспарланған. O’zbekkino фильмнің трейлерін жариялады.
Джахангир Ахмедов түсірген «Амир Баҳодир Ялангтўш» фильмінің шайқас көріністері қазақстандық Nomad Stants каскадерлар тобының қатысуымен түсірілген.
Бұл команда Халықаралық каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алған.
Команда көптеген голливудтық фильмдердің шайқас сахналарында жұмыс істеген, олардың соңғысы — режиссер және продюсер Ридли Скотттың «Наполеон» фильмі.
Фильмде өзбек актерлерімен бірге Қазақстан мен Қырғызстанның кино жұлдыздары да бой көрсеткен.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы