Ол Жоғарғы соттың кассациялық қаулысымен қылмыстық істі Ферғана облыстық сотына беру арқылы бұрын сотталған 2 азаматты ақтап алуға көмектесемін деп уәде берген.
Тағы бір жағдайда Сұрхандария облыстық сотының экономикалық істер жөніндегі сот алқасы судьясының аға көмекшісі жергілікті кәсіпкердің сеніміне кіріп, арызын судьялар арқылы оң шешіп береміз деп 6 мың АҚШ долларын алған жерінде мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлеріне ұсталды.
Жедел тергеу барысында судьяның аға көмекшісі бұрынғы кәсіпкердің Терміз ауданаралық экономикалық сотына берген талап арызы бойынша оң шешім шығарғаны үшін 2 мың АҚШ долларын талап етіп, 600 АҚШ долларын алғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған тұлғаларға қатысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 168, 28 және 211-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған.