Өзбекстанда 13-14 қаңтарда парламенттің жоғары палатасына сенаторларды сайлау өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 13-14 қаңтарда парламенттің жоғары палатасына сенаторларды сайлау өтетіні туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады дүйсенбіде УзТАГ.

«Жоғары палата мүшелері Қарақалпақстан, барлық облыстар мен Ташкент қаласынан алты адамнан - тең мөлшерде сайланады. Сайлау Қарақалпақстан Жокаргы Кенесі, облыстар, аудандар мен қалалар мемлекеттік билік өкілдері органдары депутаттарының тиісті бірлескен отырыстарында осы депутаттар ішінен жасырын дауыс беру арқылы өтеді», - деп атап өтті ОСК баспасөз қызметінен.