ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның бас санитар дәрігері карантинде жатқан азаматтардың санын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзбекстанның бас санитар дәрігері БахромАлматов республикалық телеарнаның тікелей эфирінде осы уақытқа дейін 8 мыңға жуық адам карантинге жатқызылғанын жеткізді. Бүгінгі таңда соның ішінде 5700 адам үйіне шығарылған. 2100 адам әлі карантинде жатыр.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.