Өзбекстанда 2018 жылы негізгі күш инновацияларды дамытуға салынады
19:38, 22 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жыл Өзбекстанда белсенді кәсіпкерлікті, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдау жылы деп аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Шавкат Мирзиеев Олий Мажлисі Сенатының мүшелері мен Заң шығару палатасы депутаттарына арнаған Жолдауында елде 2018 жылды «Белсенді кәсіпкерлікті, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдау жылы» деп атауды ұсынды.
Шараға қатысушылар осы ұсынысты бірауыздан қабылдады.