Өзбекстанда $2,6 млн криптоактивіне заңсыз иелік еткен жасөспірім ұсталды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Бұхара облысында заңсыз криптоактивтер айналымы үшін 17 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Фото: «Milliy TV» телеарнасы
«Milliy TV» телеарнасының мәліметінше, заң бұзушылықты облыстық ішкі істер басқармасы киберқауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Ұсталған жасөспірім Жондор ауданының «Зарафшан» махаллясында тұрған.
Фото: «Milliy TV» телеарнасы
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол тиісті лицензиясыз 34 млрд сумға (шамамен $2,6 млн) бағаланған криптоактивтерді алу, айналымға қою және айырбастау ісімен айналысқан.
Фото: «Milliy TV» телеарнасы
Аталған факті бойынша ӨР Қылмыстық кодексінің 278-8-бабының 3-бөлігі бойынша (криптоактивтер айналымы заңнамасын бұзу) қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүріп жатыр.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.